Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ!

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ«Summer Camp Парасат» жазғы лагерінің ашылу салтанатын атап өтті.

Салтанатты шараның ашылуында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма төрағасы-ректор м.а. Сауле Жәдігерқызы Рахметуллина:

«Студенттер қауымы күнделікті өмірдегі парасаттылық, мәдениет, адалдық пен адамгершілік ілімін де назарынан тастамауға тиісті. Себебі, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы. Бүгінгі парасаттылық лагері университетіміздің әрбір студентіне адамгершіліктің басты құндылықтарын шыңдауға мол септігін тигізеді деп сенемін» деді.

Парасаттылық лагерінің ашылу салтанаты сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы Бейсембаев Архат Абжатұлы құттықтау сөзінде университет қабылдап отырған келелі шараларға оң бағасын беріп, аталған бағыттағы әріптестікте әрдайым өзара қолдау барын, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бұл бағытта бетке ұстар жоғарғы оқу орны екенін атап өтті.

Салтанатты құттықтаулардан кейін, студенттер «Саналы ұрпақ» еріктілер клубына қабылдана отырып, ант қабылдады. «Біздің таңдауымыз- парасыз болашақ» атты флэшмоб, «Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты марафон ұйымдастырылды.

Шара соңында студенттерге «Коррупция портреті» тақырыбында тренинг өтті.