1 наурыз Алғыс айту күні мерекесін университетіміздегі іс-шаралардан кейін біздің студенттер Достық үйінде жалғастырды. Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының 7-14 жас аралығындағы «Теаtr-All» жастар театры сахналаған «Жұт» қойылымының көрермендері болды.

Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті. Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортацияланып, түрлі этнос өкілдерін вагондармен ашық далаға әкеп тастады. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты.

Тарихтың осы беттерін спектакльде әсерлі орындаған жас актерлердің өнеріне көрермендер тәнті болып, көздеріне жас алды.

Досьық үйі мерекелік көңіл-күйді Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен этностардың Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні аясында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік концертпен жалғастырды.

Аталмыш іс-шаралар өскелең ұрпақ арасында тарихтың қатпарларын саралай отырып, ата-бабаларымыздың ерлігі мен дара істерін насихаттап, ұлтжандылық сезімдерін арттыруға бағытталады.