Қазақстанның ШҚТУ жоғары IT-колледжі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың студенттері Алтай көліктік техникумының базасында өткізілген X облыстық еріктілер слетіне қатысты. Бұл шара «Біріншілер қозғалысы» жобасы аясында ұйымдастырылған болатын. Жоба Ресейдің жалпыұлттық қоғамдық-мемлекеттік «Біріншілер қозғалысы» балалар мен жастар қозғалысының қолдауымен жүзеге асты. Слетке халықаралық қатысу да болды, себебі ол Ресей мен Қазақстан арасындағы тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шаралардың бір бөлігі еді.

Еріктілік - бұл тек қайырымдылық қызметі ғана емес, ол қоғамға және өзімізге пайда келтіретін үлкен жауапкершілік. Біздің колледждің еріктілер клубы бұл бағытта белсенді жұмыс жасап, студенттерді тек әлеуметтік мәселелерге белсене араластыруға ғана емес, сондай-ақ олардың дағдылары мен қабілеттерін дамытуға үлес қосуда.

Бұл іс-шараға Алтай өлкесінің түрлі оқу орындарынан студенттер мен еріктілер қатысты. Олардың қатарында Алтай политехникалық техникумы, Алтай өндірістік-экономикалық колледжі, Алтай мемлекеттік колледжі, Новоалтай лицейі, Барнаул теміржол көлігі лицейі, Барнаул қалалық кооперативтік техникумы, сондай-ақ біздің колледждің еріктілер клубы мен студенттері болды. Сонымен қатар, 97-ші мектептің оқушылары да төбе көрсетті.

Слеттің бағдарламасы жан-жақты және қызықты болды. Қатысушылар «Төтенше жағдайлардағы еріктілік» мәселесін талқылап, Алтай өлкесіндегі құтқарушылар мен еріктілердің қызметі туралы тың ақпарат алды. Төтенше жағдайларға қатысатын құтқарушы студенттерді оқыту мүмкіндіктері, гуманитарлық миссияларға қатысу және көмек көрсету, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге төтенше жағдайларда көмек көрсету мәселелері қарастырылды.

Оған қоса, «SpasProfi» еріктілер орталығының майталмандары өздерінің қызмет түрлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Осы салада жұмыс істейтін мамандар өздерінің тәжрибесін, сондай-ақ құрал-жабдықтар мен техниканы қолдану туралы айтты. Квиздер мен мастер-класстар да ұйымдастырылды. «Біз қауіпсіздікті қолдаймыз» атты квиз барысында қатысушылардың білімдері тексеріліп, қауіпсіздік шаралары туралы қызықты тапсырмалар ұсынылды. Ал Барнаул қаласының құтқарушылары өздерінің пайдаланатын техникалары мен құралдарын таныстырып, оларды практикалық тұрғыдан көрсету үшін мастер-класс өткізді.

Бұл шараға ШҚТУ Жоғары IT-колледжінің бірінші курстың 34 студенті және еріктілер клубының мүшесінен 12 ерікті қатысты. Біздің колледж студенттері тек қатысып қана қоймай, маңызды білім алып, тәжірибе жинақтады. Әсіресе, 10 студент сертификаттарға ие болды, бұл олардың еріктілік қызметіндегі жетістіктерін әрі қарай дамыту үшін маңызды қадам болмақ.

Аталмыш халықаралық слет тек Алтай өлкесінің ғана емес, сонымен қатар біздің колледжіміз үшін де маңызды іс-шара болды. Студенттер мен еріктілер үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе болды. Олар түрлі оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, қоғамды дамыту, төтенше жағдайларда көмек көрсету, гуманитарлық миссияларға қатысу сияқты маңызды мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар жастарды еріктілікке, қайырымдылыққа және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да біздің колледж халықаралық және республикалық деңгейде осындай іс-шараларға қатысуын жалғастыратынына сенімдіміз.