Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы әскери кафедраның офицерлері мен қызметкерлерін 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
ШҚТУ әскери кафедрасы ширек ғасырдан бері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері запасы үшін офицерлер мен сержанттар даярлайтын жоғары деңгейлі мамандарды оқытып келеді.
Кафедра өз оқыту бағдарламаларында кең ауқымды бағыттарды жүзеге асырып, офицер-ұстаздардың мол тәжірибесін студенттермен бөлісуде. Бұл бағдарламалар болашақ әскери мамандарды кәсіби даярлаудың негізін құрап, оларды өз елінің алдындағы қызметте адал және абыройлы болуға үйретеді.
Айрықша атап өтетін жайт, әскери кафедра тек оқу процесімен шектеліп қана қоймай, кафедра оқытушыларының және олардың ісіне деген адалдығы арқасында отансүйгіштікті қалыптастыру, жастардың арасында тәртіптілік пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу секілді маңызды бағыттармен де айналысады. Мысалы, әскери кафедраның студенттері мен қызметкерлері - университетішілік және республикалық деңгейдегі барлық волонтерлік, қоғамдық және экологиялық акциялар мен іс-шаралардың белсенді қатысушылары.
Әскери кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Кафедра ұжымына кәсіби табыс, алға қойған міндеттерді орындауда күш-жігер, шабыт және студенттерді даярлауда жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерейтойларыңызбен, ШҚТУ әскери кафедрасы!
Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы