JOB FAIR 2024

2024 жылдың 7 қарашасында студенттерді бос орындар жәрмеңкесіне дайындау мақсатында «Сұхбатқа дейін, сұхбат кезінде және сұхбаттан кейін стрессті қалай төмендетуге болады?» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке 4-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер стрессті төмендетудің әдістерімен танысып, болашақ жұмыс берушілерімен қарым-қатынас кезінде өздерінің күшті жақтарын көрсету жолдарын үйренді.

Сонымен қатар, сұхбатқа дайындықтың қосымша түрлері қарастырылды: мазмұнды дайындық, бұл келіссөз жүргізу позициясын қалыптастыруға көмектеседі, және психологиялық дайындық, ол сұхбатқа дейінгі стрессті төмендетуге септігін тигізеді.

Сұхбатқа дайындалу үшін, алдымен компания туралы көбірек білу қажет. Компанияның вебсайтын зерттеп, оның құндылықтары мен миссиясын түсіну маңызды. Оны өзіңізге сәйкестендіріп көріңіз - бұл ортада жұмыс істеу қаншалықты ыңғайлы екендігін бағалаңыз.

Келесі қадам - өзін-өзі таныстыру. Өзін-өзі таныстыру - бұл қысқаша түйіндеме түріндегі кәсіби жолыңыз туралы әңгіме. Түйіндемеде міндеттер, тәжірибе және біліктіліктер егжей-тегжейлі жазылса да, өзін-өзі таныстырудан қашып кетуге болмайды. Өзін-өзі таныстырудың ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы тиіс екендігін ескеріңіз.

Өз тәжірибеңізді мынадай құрылыммен ұсынуға болады:

  • "А" факультетіне осы себеппен түстім...
  • Қазіргі уақытта мынадай пәндерді оқып, не нәрсені меңгердім...
  • Оқу барысында менің қол жеткізген жетістіктерім... (мәселен, алған білім, дағдыларды жақсарту, марапаттар, тәжірибе жинақтау және т.б.)

Осы шаблон бойынша өзіңіз туралы әңгімелесеңіз, сөздеріңіз жинақы әрі жүйелі болады - бұл сізге де, сұхбат алушыға да уақыт үнемдеуге көмектеседі.