2025 жылғы 1 сәуірде Бизнес Мектебінің студенттері Костанаева Аида Арганатовна, Манасова Гита Қуатқызы, Уахит Нұрай Нұрболқызы «StartUPWKITU 2025» стартап-жобалары конкурсына қатысты.
Бұл "StartUPWKITU-2025" стартап-жобалар конкурсын ұйымдастырушысы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы және экономика» кафедрасы мен Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы болды.
Конкурстың мақсаты - қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлікті насихаттау, бизнес саласындағы білім алушылардың творчестволық әлеуетін ашу, сондай-ақ дарынды студент жастарды анықтау болып табылды.
Конкурстың міндеттері:
- бизнес пен кәсіпкерлікті жүргізудің жаңа, тиімді нысандары мен әдістерін іздеу;
- білім алушыларды өз бизнесін құруға және дамытуға ынталандыру;
- білім алушылардың креативтік әлеуетін анықтау болды.
Костанаева А. А., Манасова Г.Қ., Уахит Н. Н. командасының стартап жобасы Бизнес мектебінің оқытушысы Сырымбек Маржан жетекшілігімен дайындалып, II-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Студенттерді және жоба жетекшісін құттықтаймыз! Зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!