Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттері ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін «Шығыс Салбұрыны» фестиваліне қатысты.

Ауқымды мәдени шара барысында студенттер қазақ халқының ұлттық ойындарын, саятшылық пен құсбегілік өнерін тамашалап, халқымыздың бай мұрасымен жақынырақ танысты. Сондай-ақ табиғат аясында тауға серуендеп, бүркітшілермен естелік суретке түсіп, ерекше әсер алды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған фестиваль студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды. Бұл күн жастар үшін ұмытылмас әсерге толы ерекше мәдени саяхат болды.