3 және 4 маусымда білім беру үрдісіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылатын дипломдық жобаны қорғау, «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтті.

Студенттердің жұмысы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының гидротехникалық ғимараттарды пайдалану бөлімінің бастығы Жанболатова Дилара Жанболатқызының төрайымдық етуімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының нженер-гидротехнигі Иманжанов Мирзан Тлеукановичтің қатысуымен  бағаланды. Комиссия мүшелері студенттердің дайындығының жоғары деңгейін, таңдалған тақырыптардың өзектілігін және ұсынылған жобалардың практикалық маңызын атап өтті.

Оқытушылар, студенттерді жобаларын сәтті қорғауларымен құттықтайды және оларға жұмыстарына деген жауапкершіліктері мен табандылықтарына және  жоғары нәтижелерге ұмтылуылары үшін алғыстарын білдіреді.

Біз студенттерімізге оқудағы табыстарының одан әрі артуын, жаңа жетістіктерге жетуін, кәсіби өсуін және жоспарларын сәтті жүзеге асыруын тілейміз!