Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде тапсырма берді.

Осы мақсатта, «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты - халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтарды несиелендіруге қатысты проблемалық мәселелерді шешуге кеңес беру.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 2-6 желтоқсаны аралығында университетіміздің студенттері қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған 5 күндік курстан өтті. Толық оқу курсынан өткен қатысушыларға қажетті кеңестер мен сүйемелдеулер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттар берілді. Курсты Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының тәлімгері Ермек Жұмағұлов жүргізді.