Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің №1 жатақханасының спорт алаңында 1–4 курс студенттері арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттап, студенттер арасындағы достық пен командалық рухты нығайтуды мақсат етті. Тартысты өткен кездесулерде барлығы 4 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- 1-орынды — әртүрлі курстардан құралған аралас команда,
- 2-орынды — 2 курс студенттері,
- 3-орынды — 1 курс студенттері иеленді.
Футбол додасы жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар жақсы әсер алып, белсенділік танытты. Мұндай шаралар ШҚТУ жастарының жан-жақты дамуына оң ықпал етуде.