Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттің дамуына қатысты стратегиялық, қаржылық, академиялық және ғылыми бағыттағы маңызды мәселелер қаралды.
«ШҚТУ – игілік мекені» тақырыбында баяндама жасаған стратегиялық даму жөніндегі проректор, басқарма мүшесі Несипкалиев Улан Еренғалиевич университеттің даму бағыттарына тоқталды.
2024 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша есепті бас бухгалтер Всяких Наталья Викторовна ұсынды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірқатар жекелеген мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қарастырылып, Ғылыми кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде тиісті шешімдер қабылданды.