Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT колледжінің студенттері волонтерлік қызмет аясында «Жақсылық жаса» акциясын ұйымдастырды. Бұл қайырымдылық шарасы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетуге және мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталды.
Акция аясында волонтер-студенттер балаларға арналған мазмұнды ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Балалар танымдық әрі көңілді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен қатар шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Студенттер дайындаған мерекелік қойылымдар ерекше назар аудартты. Музыкалық және театрландырылған өнер көрсетілімдері балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Акцияның басты сәті – қайырымдылық көмек көрсету болды: колледж студенттері балалар үйіне арналған жаңа жылдық костюмдер жинап, табыстады. Бұл сыйлық тәрбиеленушілердің алдағы мерекелік іс-шараларға дайындалуына үлкен көмек болып, нағыз тосынсыйға айналды.
«Біз үшін жақсылық жасап, көмекке мұқтаж жандардың өміріне қуаныш сыйлау маңызды. Балаларға жылулық пен назар аударып, олардың жарқын болашағына өз үлесімізді қосуға тырысамыз», – деп бөлісті акцияға қатысушылардың бірі.
«Жақсылық жаса» акциясы жастардың өз уақытын және күшін қоғамға пайда келтіруге жұмсай алатынының жарқын мысалына айналды. Бұл бастама арқылы балалар үйінің тәрбиеленушілері қамқорлық пен қолдауды сезінсе, студенттер волонтерлік қызметке деген ұмтылыстарын одан әрі нығайтатын ерекше тәжірибе жинақтады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерінің волонтерлік жобаларын қолдауды жалғастыруда. Бұл бастамалар көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету білім беру және әлеуметтік үдерістің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.