Төтенше жағдайларға байланысты су тасқынының салдарын жою үшін ШҚМТУ студенттері уақтылы көмек көрсету мақсатында су басқан елді мекендерге жөнелді. Су тасқынының салдарын жою және тазарту жұмыстары әскери кафедра меңгерушісі полковник Олег Манцуровтың, алты офицер мен нұсқаушы сержанттардың басшылығымен жүргізілді.