Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын белсенді қолдайды. Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізген алғашқы университеттердің бірі екені де, тегіннен емес. Бұл бағытта жоғары оқу орны ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметімен бекем серіктестік құрған. Ынтымақтастық жемқорлық белгілерін айқындайтын әрекеттерді ескерту кешенді шараларын жүргізумен сәтті екені әлдеқашан айқындалған.

2004 жылдың 9 желтоқсанынан бері Қазақстанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып келеді. Айтулы күнге орай, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстың жылдық қорытындысы бойынша форум өтті.

Форумға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Башев Талғат Мамырбекұлы, Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Денис Рыпаков, ЖОО ректорлары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Денис Рыпаков алғы сөзінде облыс әкімінің атынан қатысушыларды Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнімен құттықтады.

Форумда 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мадақтамасымен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Рахметуллина Сауле Жәдігерқызы марапатталды.

Бұдан бөлек, ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының басшысы Қасымова Қарлығаш Қанатқызына алғыс жарияланды.

Дәл осындай алғыс хатпен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының журналисі Черткова Оксана Николаевнаға алғыс жарияланды. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының операторы Мухамедьяров Руслан Нұржанұлына алғыс жарияланды.

Студенттер арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жобалар конкурсына қатысып, «Бірінші қадам» жобасымен 1 орынды иеленген Дәулет Серікбаев атындағы университеттің студенттері Қадылбекова Айдана мен Көркем Калимат Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мадақтамасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Студенттер арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жобалар конкурсында жетекшілік еткені үшін Дәулет Серікбаев атындағы университеттің парасаттылық және руханият оқу-тәрбие орталығының маманы Еркінбекова Эльвира Еркінбекқызына алғыс жарияланады және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай студенттер арасында өткізілген үздік бейнероликтер конкурсына қатысып, 2 орынды иеленген Мухамедьяров Руслан Нұржанұлы марапатталды.

Университет ұжымының қызметі жоғары деңгейде ескерілуде және бұл жоғары оқу орны бағытының дұрыстығын айқындайды. Бүгінгі марапатталушыларды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!