Бүгін 2019 жылы 4 қаңтарда Өскемен Халықаралық жоғары техникалық мектебінің профессоры, т.ғ.д. Борис Владимирович Сырнев 75 жасқа толды.

Борис Владимирович 1967 жылы Челябинск Политехникалық институтын бітіріп, Қазақстанға КСРО Орта машина жасау министрлігінің (атом өнеркәсібі) кәсіпорнына жіберілді. Оның кәсіби қызметі орталық ғылыми-зерттеу зертханасында басталды, онда алдымен инженер-зерттеуші, содан кейін бериллий металлофизика және ұнтақты металлургия бойынша зерттеу тобының жетекшісі болып жұмыс атқарды. 1988 жылы «Изумруд» ғылыми-зерттеу және жобалау конструкторлық институтына бериллий өндіруге арналған технологиялар мен мамандандырылған жабдықтарды әзірлеу үшін ауыстырылды.

Өзінің атом өнеркәсібінің негізгі салаларының бірінде жұмыс істеген кезеңінде Борис Владимирович Атом реактор құрылысы, әуе-ғарыш техникасы, арнайы аспап жасау және арнайы қару-жарақтың түрлері қажеттілігі үшін бериллийден жасалған жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеумен айналысты.

Сонымен қатар, зерттеу топтарының құрамында бериллий мен қорытпалардың жаңа сорттарын ойлап табуға, сондай-ақ күштік және ақпараттық оптика үшін ірі габаритті бериллий дайындамаларын алу технологиясын, гироскопиялық тораптарға арналған бериллийдің изотропты сортын өндіру үшін бериллий ұнтақтарын ыстық изостатикалық престеу технологиясын, сондай-ақ бериллий жартылай фабрикаттарын алудың басқа да бірқатар технологияларын әзірлеуге қатысты.

1976 жылы Борис Владимирович Сырнев бериллий, оның қорытпалары мен қосылыстары өндірісінің жаңа технологиялық процестерін әзірлегені үшін ғылым саласындағы КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Алынған нәтижелер 1978 жылы кандидаттық диссертацияның негізі болды.

1996 жылдан бастап Борис Владимирович Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында профессор болып жұмыс істеді. 1999 жылы ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелері бойынша «Академик А.А. Бочвар атындағы бүкілресейлік бейорганикалық материалдардың ғылыми-зерттеу институты» (Мәскеу қ.) Федералды ғылыми орталығында докторлық диссертациясын қорғады.

Қазіргі уақытта Борис Владимирович Өскемен Халықаралық жоғары техникалық мектебінің профессоры болып табылады, онда атом өнеркәсібі саласында жұмыс істеуге дайындайтын магистранттармен жұмыс істейді.

Борис Владимирович 150 ғылыми жұмыстың, 27 өнертабыстың авторы. Педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін 2006 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болды, ғылыми жетістіктері үшін «Қазақстан ғылымының дамуындағы жетістіктері үшін» және «Ресейдің атом энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагері» медальдарымен марапатталды, ал 2008 жылы Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі болып сайланды.

Құрметті Борис Владимирович, Өскемен ХЖТМ ұжымы Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Атом өнеркәсібі үшін инженерлік элитаны дайындау қызметінде жүрген Сізге – зор денсаулық, жаңа кәсіби және ғылыми жетістіктер, энергия мен энтузиазм тілейміз!