Жастардың жан-жақты дамуына қандай жағдай жасау керек? Ойын еркін білдіре алатын, жан-жақты мықты тұлғаны қалыптастыру үшін қалай көмектесуге болады? Осы мақсатты жүзеге асыруда TEDx форматындағы шаралардың маңызы зор. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ІТ колледж студентерінінің қатысуымен «Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста!» атты ТЕД х форматында кездесу өтті.

ТED x жобасының қонағы - ШҚО ББ "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей -интернаты" КММ -ның директоры Кемешова Лаура Оралбекқызы. Спикер «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алып, этикалық, танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылау, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білуге дағдыландыру жайында студенттермен кездесу өткізді.

«Абай атамыз «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» - деп тегін айтпаған болар. "Білегіңе емес, біліміңе сен" дейді. Сондықтан, алғашқы орында білім екенін әсте естен шығармаңыздар! Ең әуелі, әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт. Ойыңды түзе, бойыңды түзе»,- деп кездесу қонағы жеткен жетістіктеріне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, жігерлі қарапайым қазақ қызының образы арқылы адамгершілікке, ізгілікке, жақсылыққа бағыттайтын әңгімелерімен қатысушыларды тәнтті етті.

  Барлық фото