2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық Tempus бағдарламасы ISMU 516682-TEMPUS-1-2011-1-ES-TEMUS-JPGR, «Университеттерді стратегиялық басқару бойынша институты» ТЕМПУС - IV бағдарламасы аясындағы жоба жүзеге асырыла бастады.

Каталония Политехникалық Университеті (Барселония қаласы. Испания) жоба үйлестірушісі болып табылады; қатысушылар құрамына: Турин Политехникалық университеті, Италия; Корольдық Политехникалық университеті, Швеция; М.Тынышбаев атындағы көлік және байланыс қазақ академиясы; Қырғыз республикасының Білім және Ғылым Министрлігі; Қырғыз Ұлттық университеті; Қырғыз Республикасының Президентінің жанындағы басқару академиясы; Самарқанд мемлекеттік университеті, Өзбекстан; Бухара мемлекеттік университеті, Өзбекстан; Тәжікстан мемлекеттік сауда университеті; Тәжікстан Экономикалық институты; Тәжікстан Білім министрілігі.

Халықаралық стратегиялық басқару бойынша институттарын құру арқылы орта және жоғары деңгейдегі біліктілігі жоғары менеджерлермен, жоғарғы оқу орындарындағы менеджмент және басқаруды жоғарлатуын қамтамассыз ету жобаның мақсаты болып табылады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жобасының үйлестірушісі Экономика және менеджмент факультетінің деканы, э.ғ.к., Варавин Евгений Владимирович болып табылады. 

Проект ISMU программы TEMPUS. Барселона (Испания)

Участники проекта ISMU программы TEMPUS. Барселона (Испания)

Заключительная конференция в Бишкеке

Заключительная конференция в Бишкеке

Заключительная конференция в Бишкеке

Заключительная конференция в Бишкеке

Заключительная конференция в Бишкеке

Семинар Стратегическое планирование в Усть-Каменогрске

Семинар Стратегическое планирование в Усть-Каменогрске

Семинар Стратегическое планирование в Усть-Каменогрске

Семинар Управление проектами в Усть-Каменогрске

Семинар Управление проектами в Усть-Каменогрске

Семинар Управление проектами в Усть-Каменогрске

 

Семинар в Алматы

Семинар в Алматы

 

 

 

Семинар в Алматы

Семинар в Алматы

 

Осы жобаға қатысу барысында университеттің орта және жоғары тізбегіндегі жетекшілер, жоғарғы оқу орындарында жобалық менеджмент және стратегиялық басқару аясында біліктіліктерін белгілі шетелдегі білім беру орталықтарында көтере алды: Турин Политехникалық университеті, Каталония Политехникалық Университеті, Корольдық Технология институтында, Стокгольм қ.
Оқыту семинарлары Қазақстан және Қырғыз жоғарғы және орта басқару қызметкерлеріне бірнеше семинар-тренингтерді ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіншілік берді.

ҚазКжБА мен Т. Рықұлов атындағы ҚазЭУ, сонымен қатар еуропалық ЖОО Италия, Испания, Швеция лекторларымен бірлесе отырып, «Университеттердегі стратегиялық жоспарлау» университеттерді басқару мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізілді (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы. қ. (18-19 маусым 2014жыл), Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың атынан семинар жұмысында лектор ретінде Е.В.Варавин қатысты).

2014 жылы желтоқсан айында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да төмендегі тақырыптар бойынша қысқамерзімді шеберлік-кластары өткізілді:

  • «Жобалармен басқару» (4 желтоқсан 2014 жыл); 
  • «Университеттің стратегиялық жоспары» (желтоқсан 2014 жыл);
  • «ЖОО-ның стратегилық менеджменті» (желтоқсан 2014 жыл). 

32 адам басқармалық біліктілігін арттыру үшін ұсыныс білдірді. Олар: декандар, жетекші кафедра меңгерушілері және олардың орынбасарлары.

Берілген семинардың барлық материалдары жобаның http://www.ismu.eu/ сайтында жарияланған.

«М.Тынышбаев атындағы көлік және байланыс қазақ академиясы» АҚ «Университтеттерді Статегиялық басқару» атты семинар-тренинг өткізді (2015 жылдың 26 наурызынан - 27 наурыз аралығында). Дәріскер ретінде ШҚМТУ-дан жобаның үйлестірушісі Е.В. Варавин шақырылды. Сондай-ақ семинар-тренинг жұмысында академияның басшылығы, бөлім басшылыры, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар-тренинг барысында «Жобалармен басқару», «Стратегиялық жоспарлар», «Университеттің өндіріспен байланысы» атты тақырыптар қарастырылды. Сондай-ақ «Гуггенхайма мұражайы» және «Гант диограманың желілік графикасын құрастыру» жаттығуларын орындау мысалында жобалармен басқару бойынша тәжрибелік жиналыс өткізілді.

2015 жылы 9-ақпанда Қырғыз Ұлттық университетінде «Университеттің стратегиялық менеджмент институты» (ISMU) Темпус жобасы бойынша қорытынды конференция өткізіді. Іс-шараға жоба бойынша Испания, Португалия, Италия, Швеция, Өзбекістан, Қазақстан, Тәжікістан және Қырғызстаннан әріптес ЖОО-ның өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторы ретінде жобаның ұлттық координаторы ИИМОП Қырғызстан Европа факультетінің деканы Чынар Адамкулова сөз сөйледі.

Іс-шараның координаторы Каталон техникалық университетінің өкілі Алисия Берланга жобаның негізгі қорытындысы бойынша тұсау кесерін өткізді.

Арықарай әріптес ЖОО-ның өкілдері сөйледі:

  • Лиссабонский университетінің өкілі Марта Пиле өз оқу орнын мысалға ала отырып университтерді стратегия басқару туралы айтты;
  • Швециядан жоба координаты Ленарта Стал баяндаманың тақырыбы университтердегі сапа жүйесі «Швеция университеттерінің мысалы» болды;
  • Онлайн-режимінде оқуының ерекшелігі жайында Каталония университетінің IT-департаментінің басшысы (Испания) Джорди Торнер сөз сөйледі.
  • ИИМО Қырғызыстан Еуропа факультетінің деканы Чынар Адамкулова «Университеттің статегиялық басқару облысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелердің обсерваториясы» баяндамасымен сөз сөйледі.

Үзілістен кейін конференция шеңберінде келесі семинарлар болды:

  • «Тәжік мемлекеттік университеті және Самарқант мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық институты жобаларын басқару бойынша кейстер».
  • «Бухара мемлекеттік университетін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды және Көлік және коммуникация академиясы статегиялық жоспарлау бойынша кейстер».

Қорытынды сессия кезінде оның қатысушылары конференцияның барлық іс-шаралары жоғары дәрежеде даярланғанын және өткізілгенін атап өтті.

ISMU жобасында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қатысуының нәтижесі университетте Орталық Азияның ЖЖО-мен стратегиялық басқару институтының құрылуы болып табылады. Оның мақсаты: Орталық Азияда ЖОО статегиялық басқару бойынша озық тәжрибелерді кең тарату және әр түрлі облыстағы ЖОО-ның орта және жоғарғы буынның жетекшілерінің біліктілігін арттырудың: көшбасшылар, әлеуметтік жауапкершілік, сапа және стартегия, кадырлық әлеует және инфрақұрылым бойынша онлайн-курстарын өткізу.