15 сәуірде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ бас оқу ғимаратының акт залында «СТАРТ» лигасының ӨКТК қала Чемпионатының ақтық ойыны өткізілді. Аталмыш ойындарды VITAMIR кітап дүкені қаржыландырды.

Көрермендер қатарында қала мектептерінің оқушылары, ата-аналар мен ШҚМТУ өкілдері табылды. Чемпионатта жеңіске жету және кубок иелену үшін 5 команда сайысқа түсті.

Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды «ЧГК» (КТК студиясы), екінші орынды «Пингвиндер детективтік агенттігі» (№34 мектеп-лицейі) және үшінші орынды «Бірге үш» (№36 мектеп) командасы иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және ойын демеушісі ұсынған сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Умарбеков әділқазылар алқасына мүшелік етті.

ӨКТК студиясының басшысы Татьяна Красулина ӨКТК қала Чемпионатын ұйымдастыруда серіктестік танытқаны үшін университет басшылығына алғысын білдірді.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз Қызметі