ҚАЕУ-да «Біртұтас ұлттың өзіндік ерекшелігін қалыптастыру үлгісі ретінде қоғамдық сананы модернизациялау» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына орта, техникалық және кәсіптік, білім беру жүйесіндегі білім беру мекемелерінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында үш тілде білім беруді жүзеге асыру, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, діни білім беру, білікті мамандарды даярлау, жастардың азаматтық тұғырын қалыптастыру сынды «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген өзекті даму бағыттары талқыланды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі