Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің шығармашылық ұжымдары «Достық толқынында – 2025» атты жастар фестиваліне қатысып, облыстың түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастармен бірге өнер көрсетті.

Университетіміздің атынан қатысқан үш шығармашылық топ – «FTB», «FORMATION» және «GORMET» өздерінің кәсіби шеберлігін, өнерге деген ерекше ықыласы мен шығармашылық жаңашылдығын жоғары деңгейде таныта білді.

Студенттердің музыкалық және хореографиялық нөмірлері көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Әрбір қойылым терең сезіммен, эмоциямен әрі кәсіби шеберлікпен орындалып, ШҚТУ студенттерінің өнерге бай, жан-жақты қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша шығармашылық ұжымдар 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталып, осындай ауқымды жастар алаңында университетіміздің абыройын асқақтатты.