Выражаем огромную благодарность партнерам ТОО «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» и ТОО «АЭС Шульбинская ГЭС», в лице Генерального директора Айдабулова Тлек Исламбековича за оказанную спонсорскую помощь.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС өндірістік серіктестермен бірлесе Қазақстан Республикасындағы жұмысшы мамандықтары жылына арналған Өскемен қаласы мен жақын маңдағы аудандардағы мектептердің ұжымдары арасында энергетика саласындағы өндірістік мәселелерді шешуге арналған Хакатон өткізді. 11 қалалық мектептерден 12 құрама тобы қатысты.

Іс-шараның бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең - Kahoot арқылы ойын, 2 өндірістік мәселелерді шешу бойынша тапсырма «Согра ЖЭО» ЖШС. 3 раунд – «Супер жүлде» - өндірістік мәселелерді шешу бойынша тапсырма «БЭСК» АҚ.

Хакатон қатысушыларының жұмысын бағалау үшін өндірістен білікті мамандар шақырылды:

  1. Тайтиков Болат Тилеуханович, Алтай аймағы «Біріккен энергетикалық сервистік компания» АҚ-ның бас инженері – қазылар алқасының төрағасы;
  2. Селиванов Владимир Александрович, «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС-нің электр цехының бастығы - қазылар алқасының мүшесі;
  3. Пантелеев Михаил Алексеевич, "СОГРА ЖЭО" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
  4. Боранбаева Зульфия Нуртасовна,  «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС-нің кадр жұмысы және әкімшілік жұмыс бөлімінің бастығы

Қазылар алқасының құрамына университет атынан «Сәулет құрылыс және энергетика» мектебі деканы Ақаев Айбек Мұратбекұлы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • 1 орын - «№46 орта мектебі» Өскемен қаласы;
  • 2 орын - Н.А. Островский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы», Шемонаиха ауданы.
  • 3 орын - "Оралхан Бөкей атындағы Қазақ орта мектебі", Глубокое ауданы
  • Супер жүлде - «Белоусовка негізгі мектебі» Глубокое ауданы, Белоусовка ауылы.

Жүлделі орындарға ие болғандардың барлығына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. «Супер жүлдені» жеңіп алған команда мүшелері сыйлық сертификаттарымен марапатталды

Сондай-ақ бүгін «Менің мамандығым – энергетик» тақырыбындағы ЭССЕ байқауының қорытындысы шығарылып, жүлделі орындарға ие болған студентерге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

  • 1 орын - Бақытхан Қайсар, 24-ЭЛК-1 тобы
  • 2 орын - Иванчин Данил Романович, 24-ЭЛ-1 тобы
  • 3 орын - Ерлан Тилеген, 24-ЭЛК-1 тобы

«АЭС Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС-нің Бас директоры Айдабулов Тілек Исламбекұлына демеушілік көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.