Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ «Жастардың шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өз жұмысын бастады. Іс-шара қазақстандық ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған және 13 сәуірге дейін жалғасады.
Конференция жұмысына 1 650 адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы және басқалар.
Конференцияның ашылу салтанатында ОӘЖ бойынша проректор Сауле Рахметуллина құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушылар өз ғылыми жұмыстарын (1980 баяндама) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынды. Ең үздік жұмыстар дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.