10 сәуір күні Достық үйі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығының алаңында Қаланың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақылды қалалар» Қазақстанда қолжетімді» тақырыбында пікірталас турнирі өтті.
Іс-шара «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында және үш тілділік саясаты негізінде ұйымдастырылды.
Пікірталастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Аталмыш іс-шараға Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ қызметкерлері белсене қатысты. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Г. Жанабаева дебат турнирінде модератор рөлін атқарды. Әділқазылар алқасы қатарына «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, көптілді топтарда гуманитарлық пәндер бойынша жетекші оқытушы, «Soleil» ағылшын тіліндегі студенттік клубының жетекшісі С. Уалиева және Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың «білім беру технологияларының сапасын бағалау және дамыту орталығының» аға ғылыми қызметкері М.Юсубалиева шақырылды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі