Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы мен студенттері азаматтық белсенділік танытып референдумге қатысты.
Конституциялық референдум ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі. Сондықтан, бейжай қарамай белсенді қатысу - әр азаматтың парызы.
Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Яғни, Ата заңның үштен бірі түзетілмек. Демократия мен заң үстемдігін күшейту көзделіп отыр. Мемлекеттік істі халықтың өзі айқындайтын жағдай жасалатын болады.
Осыған орай, референдум еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін елеулі, тарихи сәт. Болашақ ұрпақтың тағдыры мен таңдауы үшін маңызы зор. Сондықтан бүгін әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындауға тиіс.
Ауа-райының жайсыздығына қарамастан, бірінші болып ШҚТУ-да орналасқан №74 сайлау учаскіне 04.04.1949 жылы туған Мозговой Сергей Никитович дауыс беруге келді. Жастар да белсенділік танытып өз дауыстарына беруге келіп жатыр. Алғаш рет дауыс беруші - Сағынтаев Диас Даулетұлы.