Университет қызметкерлері мен оқытушылары оқу жұмыстарын жалғастыруда. 22-24 тамызда Риддер қаласындағы «Синегорье» мәдениет үйінде ШҚО ҚХА ұйымдастыруымен «Жастар ассамблеясы» республикалық жазғы мектебінде сабақтар өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам жастардың өкілдері қатысты. Олармен «DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Е.Столярова шақырылған лектор ретінде сөз сөйледі. Қазіргі экономикадағы жастардың орны мен рөлі туралы салиқалы да қызықты әңгіме өрбіді.

ХЗО «DSR»