Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Digital Social Research" МҒМ жетекші ғалымдары Жанна Аубакирова, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, орталық жетекшісі, және Нелли Краснобаева, тарих ғылымдарының кандидаты, орталықтың бас ғылыми қызметкері, Сібір бөлімшесінің Тарих институты (Новосибирск, Ресей) ұйымдастырған «Өңірлік отбасылық-демографиялық жүйе: историография, дереккөздер және зерттеу әдістері» атты халықаралық вебинарға қатысты.

Ғалымдар «Демографиялық деректерді талдаудың цифрлық құралдары (statdata.info дерекқоры мен Қазақстанның интерактивті демографиялық картасы мысалында)» тақырыбында баяндама жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Олар қазіргі заманғы сандық технологиялардың әлеуетін ашып көрсетіп, демографиялық үрдістерді талдауда қолданылатын инновациялық тәсілдер туралы жан-жақты мәлімет берді.

Вебинарға қатысушылар «Digital Social Research» орталығының ғылыми қызметін жоғары бағалап, оның әлеуметтік-демографиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен технологияларды тиімді пайдалануын ерекше атап өтті. Ресейлік әріптестер қазақстандық ғалымдардың жетістіктеріне қызығушылық танытып, орталықтың зерттеу нәтижелеріне үлкен ықылас білдірді.

Іс-шара соңында ғалымдар халықаралық ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдіріп, болашақта бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға сенім артты. Бұл вебинар екі елдің ғылыми қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға тың серпін берді.