14 сәуірде Экономика Жоғары мектебінің (Мәскеу, РФ) Халықаралық демографиялық процестерді зерттеу бағдарламасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ің "Digital Social Research" халықаралық ғылыми - зерттеу орталығының ғалымдарының: Алексеенко Александр Николаевич, тарих ғылымдарының докторы және Әубәкірова Жанна Сәкенқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордын қатысуымен "ХХ ғасырдың аяғы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның демографиялық дамуы (ахуал және проблемалары)" атты семинар ұйымдастырылды.

Баяндамалар барысында егемен Қазақстанның демографиялық жүйесінің ретроспективасы мен қазіргі жағдайдың ауқымды тарихи, демографиялық, социологиялық шолу ұсынылды.

Қазіргі танда Экономика Жоғары мектебінің ұжымы "Демоскоп Weekly" электронды ғылыми журналының негізгі баспагері болып табылатынын атап өткен жөн - посткеңестік мемлекеттердің демографияға ғана емес, сонымен қатар сабақтас ғылымдарға (әлеуметтану, география, экономика, тарих және т.б.) арналған ең ірі ғылыми алан деп саналады. Осы журналда біздің орталықтың ғалымдарының мақалалары, сондай-ақ біз ұйымдастыратын және өткізетін ғылыми іс-шаралар туралы ақпарат үнемі жарияланады. Бұл "Digital Social Research" ХҒЗО-нің қызметі туралы кең ғылыми қоғамның дискуссияны едәуір кеңейтеді, бізге өзекті ғылыми трендтер саласында қалуға, Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестерге ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

"DSR" ХҒЗО