10-12 сәуірде Караганды қаласында Қазтұтынуодағы Қараганды экономикалық университеті негізінде «ШЫҰ университеті – қашықтықтан білім берудің жаңа мүмкіндіктері: тәжiрибе және дамудың келешегi» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға ҚР Білім беру министрлігінің өкiлі – Абылайхан Акерке; РФ Білім және ғылым министрлігінен - Малютин Дмитрий Владимирович қатысты. Конференцияға жұмысына Ресей (Астрахань, Челябинск, Москва, Санкт-Петербург); Қазахстан (Астана, Алматы, Қараганды, Өскемен, Шымкент); Қыргызстан (Бішкек) Таджикистан (Душанбе) сияқты мемлекеттерден 22 жоғарғы оқу орны қатысты.
Пленарлық отырыста Қазтұтынуодағы ҚЭУ ректоры Аймагамбетов Е.Б. конференция жұмысының бағытын «Караганды экономикалық университетінде желілік ШЫҰ университетінің білім беру бағдарламаларын орындау: тәжiрибе және мәселелер» атты баяндамсымен айқындады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ШЫҰУ бағыты бойынша стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Абылайхан Акерке «Развитие УШОС важный фактор расширения сотрудничества между странами – участниками ШОС» атты баяндамасында таныстырды.
РФ Білім және ғылым министрлігінің ШЫҰУ бағыты бойынша координатор - Малютин Д.В. «Университет ШОС: текущие задачи и ближайшие перспективы» атты баяндамасында ШЫҰУ бойынша іс-шаралар жоспарларын таныстырды.
Ресей жоғарғы оқу орындарындағы УШЫҰ бағытында жасалып жатқан жұмыстар бойынша бірқатар өкілдер баяндама жасады:
- ф-м.ғ.д., РҒА мүше-корреспонденті, Новосібір мемлекеттік университінің профессоры - А.М Федотов;
- Астрахан мемлекеттік университінің халықаралық байланыстар бойынша проректоры - Хурчак Н.М.;
- т.ғ.к., доцент, МЭИ Ұлттық зерттеу университінің қашықтықтан оқыту бөлімінің меңгерушісі – Дмитриев М.М.;
- ақпарттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университетінің Академиялық мобильділік бөлімінің қызметкері – Субаева Р.М.
Қазақстан жоғары оқу орындарының тәжіибесін таныстырғандар:
- э.ғ. д., РАЕ мүше-корреспонденті, зав. К.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ШЫҰУ кафедра меңгерушісі – Нарибаевым М.К.
Конференцияның жұмысы мына секциялық отырысарда жалғасын тапты:
- ШЫҰ мемлекет мүшелерінің ұлттық, салттық ерекшеліктерін ескере отырып ШЫҰ университетінің желілік инфрақұрылымы негізінде e-learning және қашықтықтан оқыту технологиясының методикасы мен методологиясын қолдану.
- Электронды білім беру ресурстарын қолданудың және дайындаудың инновациялық тәсілдері және олардың ШЫҰ университетінің негізгі жоғарғы оқу орындарының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі.
- ШЫҰ университетінің желілік инфрақұрылымы негізінде оқу және зерттеу үдерістерін ұйымдастырудың жаңа форматы және негізгі жоғары оқу орындарының ғылыми, инновациялық қызметтерінің жоспарлары.
Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ өкілдері:
ф-м.ғ.к, каф. Меңгерушісі Денисова Наталья Федоровна «Результаты апробации магистерских программ по направлению IT–технологии в Университете ШОС» және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім жетілдіру және білім берудің жаңа технологиялары институтының жетекшісі Константинова Светлана Михайловна «Опыт использования платформы “SPORTAL” ВКГТУ им.Д. Серикбаева для организации обучения студентов УШОС» мақалаларымен 2-секция жұмысына қатысты.
Конференцияда ШҚМТУ-нің УШЫУ бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша таныстырылған тәжірибелер жоғары бағаланды, жоғары оқу орындарының өкілдері баяндаған мәселелер барлық ШЫҰУ әріптес жоғары оқу орындары үшін өзекті болды және осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар конференция шешімінің жобасында ескерілді.