Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді мерейлі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Ғылымдағы жоғары беделіңіз, даналығыңыз бен кәсібилігіңіз - біз үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Сіз - өмірін ғылым мен жоғары білімге арнаған талай жандарға үлгі тұлғасыз.
Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жан дүниеңізге үйлесім, отбасыңызға амандық тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, жасыңыз жаңа белестер мен мүмкіндіктерге жол ашсын!
Жетпіс жас - бұл артта мол тәжірибе мен білім қоры, ал алда - жаңа асулар кезеңі. Сіздің ізгілігіңіз, әзіл-қалжыңыңыз, шынайылығыңыз және әрдайым көмекке дайын тұратын жанашырлығыңыз үшін алғысымыз шексіз. Оптимизміңіз ешқашан сарқылмасын, еңбегіңіз әрдайым қуаныш сыйласын!
Тағы да Сізге зор денсаулық, рухани сергектік, жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің ортасында бақытты сәттер тілейміз! Өмір жолыңыз әрдайым жарқын әрі мазмұнды болсын!
Ізгі тілекпен, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы, ректор С. Рахметуллина