Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтайды.
Және ғылым саласындағы көпжылдық тәжірибеңіз, соның ішінде оқытушылық, басқарушылық және ұйымдастырушылық қызметіңіз еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететініне сенімдіміз.
Жаңа қызметіңізге сәттілік, жауапты міндеттерді жүзеге асыру жолында толағай табыс тілейміз!