Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!

Сіздің кәсіби жолыңыз отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуымен тығыз байланысты. Бұл жолда біздің университетіміздің орны ерекше. Сіз университетімізде ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметін атқарып, кейін оқу орнын ректор ретінде басқардыңыз. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, ғылыми беделіңіз бен басқарушылық тәжірибеңіз университеттің дамуына және оның беделін нығайтуға елеулі үлес қосты.

Ғылым мен білімге арнаған көпжылдық еңбегіңіз, ғылыми кадрларды даярлауға қосқан үлесіңіз зор құрмет пен ризашылыққа лайық.

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, мол қуат және жаңа жетістіктер тілейміз! Әрдайым жаныңыздан туған-туыстарыңыз, жақындарыңыз, әріптестеріңіз бен пікірлестеріңіз табылып, әр күніңіз қуанышқа, жылулық пен сый-құрметке толы болсын!

Туған күніңіз құтты болсын!