Бүгін - ерекше күн, Алғыс айту күні! Бұл күн - жүректен шыққан жылы лебіздермен бөлісіп, бір-бірімізге деген ризашылығымызды білдіретін мереке.
Осындай қуанышты сәтте мен сіздерге өз алғысымды білдіргім келеді. Құрметті оқытушылар, сіздердің білім мен тәрбие берудегі ерен еңбектеріңіз үшін зор рахмет! Қымбатты студенттер, сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен үздіксіз талпыныстарыңыз үшін алғыс айтамын! Құрметті ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін шексіз ризамын!
ШҚТУ - біздің ортақ үйіміз. Бір-бірімізге құрметпен қарап, қолдау көрсетіп, жақсы сөздер айту арқылы біз мейірімді, білімді және жарқын болашаққа бірге қадам басамыз.
Алғыс - жүректен шыққан ең жылы сезім. Бұл күн сіздерге қуаныш пен жақсылық әкелсін!
Алғыс айту күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
ШҚТУ Басқарма Төрағасы-Ректор
Сәуле Жәдігерқызы