ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Наурызбаев Бауыржан Аманғазыұлына

6D060200 - Информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 269 бұйрығына сәйкес, Бауыржан Аманғазыұлына бұл жоғары ғылыми дәреженің берілуі - оның білім мен ғылым саласындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл оның ғылыми жолындағы маңызды жетістік әрі еліміздің ғылымына қосқан үлкен үлесі болып табылады.

Ұжым атынан Бауыржанды тағы да құттықтай отырып, алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Оның ғылыми ізденістері мен табыстары еліміз бен халықаралық қауымдастық үшін маңызды әрі пайдалы боларына сеніміміз мол.

Жеңісіңіз құтты болсын!

 

Мұратұлы Дидараға

8D06101 - Информациялық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 256 бұйрығына сәйкес, Дидара Мұратұлына бұл дәреженің берілуі оның ғылым мен білім саласындағы зор еңбегінің айғағы. Бұл - оның кәсіби дамуы мен еліміздің ғылымына қосқан баға жетпес үлесі.

Ұжым атынан Дидараны құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ғылыми жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

Сізге үлкен жетістіктер тілейміз!

 

Исмухамедова Айгерим Мэлсатовнаға

8D06101 - Информациялық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 270 бұйрығына сәйкес, Айгерим Мэлсатовнаға осы жоғары дәреженің берілуі - оның ғылыми ізденістерінің жемісі. Бұл оның кәсіби жолындағы маңызды кезең әрі еліміздің ғылымына қосқан құнды үлесі болып табылады.

Ұжым атынан Айгеримді құттықтап, оның алдағы ғылыми жұмыстары мен жетістіктері еліміз бен халықаралық қауымдастық үшін пайдалы боларына сенім білдіреміз!

Құттықтаймыз! Жеңістеріңіз мол болсын!