28 маусым - Бұқаралық ақпарат қүралдары қызметкері күнімен өздеріңізді және барша өңірдің журналист мамандарын шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - қоғамның шынайы келбетін көрсетіп, маңызды оқиғаларға үн қосатын, қалың қоғам мен біздің арамызды жалғайтын алтын көпір қызметін атқарып жүрген ақпарат саласының өкілдері үшін ерекше мәртебелі мереке.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, үздіксіз ізденістеріңіз бен жауапты ұстанымдарыңыздың арқасында университетіміздің тыныс-тіршілігі кеңінен танылып, қоғаммен байланысы нығайып келеді. Әрбір мақалаларыңыз, бейнематериалдарыңыз бен ақпараттық жобаларыңыз - университетіміздің жарқын бейнесі мен беделін қалыптастыру жолындағы өлшеусіз еңбек.
Сіздерді осы кәсіби мерекеде шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілеймін. Қаламдарыңыз мұқалмасын, ақпараттық әлемдегі биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
Басқарма төрағасы - ректор
Сәуле Рахметуллина