Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Айтулы дата халқымыздың егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын, жүректерде мақтаныш сезімін ұялататын ерекше мереке. Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту мен Гимн – Қазақстанның тарихы мен тағдырын, халқымыздың өр рухы мен асқақ армандарын бейнелейтін қастерлі нышандар.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы – биікке ұмтылған халқымыздың айқын арманы, Елтаңбамыз – ел бірлігі мен ұрпақ сабақтастығының символы, ал Гимн – жүректі тербейтін елдік рух пен бірліктің үні.
Бүгінде көк Туымыз халықаралық ұйымдардың мінберінен көрініп, Әнұранымыз дүбірлі жарыстар мен салтанатты сәттерде шырқалуда. Бұл – тәуелсіздіктің тұғырын нығайтқан, болашағына сенімді ұлттың мәртебесі.
Осы ұлық мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, әр отбасыға амандық пен молшылық тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің көк Туы биікте мәңгі желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
Сәуле Рахметуллина
Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басқарма төрағасы - ректор