Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!
Республика күні - азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі.
Бүгінгі таңда Қазақстан - нарықтық экономикасы, демократиялық қоғамдық құрылымы және жоғары халықаралық беделі бар заманауи ел. Қазақстанның басты тірегі - бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез келген міндеттерді орындай аламыз!
Біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісім өркендеудің символына айналсын, ал амандық пен бірлік мәңгілікке орнасын!