25 қазан - еліміз үшін Қазақстан тарихындағы ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Расында, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді.
Республика күні - мемлекеттілікті бейнелейтін мереке. Балаларды жастайынан Отанға деген сүйіспеншілікке, Мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға тәрбиелеудің маңызы зор.
Сол себепті Республика күнін мерекелеу аясында Жоғары IT колледжінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Көшербаев Ермек Беделбайұлы және Өскемен қаласының әкімі Омар Жақсылық Мұқашұлының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы жиналғандарды келе жатқан Республика күні мерекесімен құттықтап, баршаға табыс пен бақ-береке тіледі!