Маусым айының 4-і күні пікірсайыс қозғалысының соңғы күні болды.Өскемен тарихында тұңғыш рет “DEBATE PREMIUM” атты жылдың ең үздік дебатшыларын марапаттау кеші Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде өтті.Қыркүйек айынан бергі барлық қалалық пікірсайыстағы үздік оқу-орын,үздік клуб,үздік пікірсайысшылар марапатталды.

Марапаттауға ШҚО Білім басқармасының басшысы И.Чернышеваның алғыс хатын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Тауанова Бағлан Париолдақызы табыстады.

Пікірсайысшылар Өскемен қаласы әкімінің “Жастар ресурстық орталығы” @jastaroskemen директоры А.Әділбекұлы және Өскемен жоғары политехникалықколледж @politehnikalyq_kolledzhi директоры Исин Исатай Салихұлының да алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиыны 30ға жуық номинация бойынша 85 түрлі алғыс хат өз иелерін тапты.

Кейбір аға буындар дебатпен қоштасса, кейбір жас буындарға бұл маусым тек басы ғана болды.

“ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН ОҚУ ОРЫНЫ - Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті @ektu.kz @ektu_e.s

”ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ”- Кеңесжан Мерлат @ektu_e.s
Жунусханова Қуаныш, Ерболат Есен @ziyatker.club & Қожаназыров Ислам @parasat_debat & Сүлейменова Айжан @adilet_debate

КРЕАТИВТІ НОМИНАЦИЯЛАР иеленген Университетіміздің студенттері:

  • “ҮЗДІК ДЕМЕУШІ”- Кеңесжан Мерлат
  • “ЕҢ ҮЗДІК ДИНОЗАВР”- Бекенбай Ерасыл
  • “БАРЛЫҚ КЛУБ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН АДАМ”- Тоқтарғалиев Айбек
  • “ЕҢ ӘДІЛЕТТІ АДАМ”- Кеңесжан Мерлат
  • “мистер КРАШ”- Арыхханов Ертіс

@dilmardebates @ektu_e.s @alashurpaqtary_idc @jalyndebates_kafu @arystar.idc @argument_debate @ziyatker.club @adilet_debate @parasat_debat

Бұл кеште арнайы сертификаттарын табыстаған @samga_uka және @naz_shaizanova алғыс білдіреміз!