Бизнес мектептің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасында конференциясының "Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және жасанды интеллектті енгізу контекстіндегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері" атты секциялық отырысы өтті.

Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтті, білім алушылар мен оқытушылардың сұранысы мен қызығушылығын көрсетті, бұл әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуде жасанды интеллект саласындағы ғылыми ойды дамыту әлеуетін көрсетеді!

Баяндамашылар материалды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Жеңімпаздарды анықтау критерийлері тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, өзіндік қорытынды, сондай-ақ өз материалын қызықты және түсінікті түрде ұсына білу болды. 7 баяндама тыңдалды, оның ішінде: 4 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде, 1 ағылшын тілінде тыңдалды.

Университеттің ХҒТК материалдарында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп 21 мақала жарияланды. 1 орынды Советов Қуанышбек Қазақстандағы ядролық қауіпсіздік тарихы мен философиясы: жоғары байытылған уран отынын сақтау тәсілдерінің эволюциясы және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ғылыми қоғамдастықтың рөлі атты баяндамасы үшін, 2 орынды Анна Брим Artificial intelligence as a tool for election campaigns атты баяндамасы және Саветқанқызы Гүлім Босқындар және қазақ-қытай шекарасындағы террор (хх ғ. 30 жж. Басы) атты баяндамасы үшін, ал 3 орындарды Мақанова Амина (23 МИК), Дулатова Жаннұр мен Маутжанова Дәрия (23-ИСК-2), Сағымжан Аяла 23 зкк1 тобының студенттері иеленді. Жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!