3 шілде күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT-колледжінде түлектерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл айтулы шара түлектерді, оқытушыларды, ата-аналарды және колледж қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, білім алудың аяқталуы мен жаңа кәсіби кезеңнің басталуын айшықтайтын маңызды оқиға болды.
Салтанатты рәсім барысында түлектерге оқу бағдарламасын табысты аяқтағанын растайтын дипломдар табысталды. Бұл күні түлектерге ақжарма тілектер мен жүрекжарды құттықтаулар айтылып, студенттердің білім алу жолында әрдайым қолдау көрсетіп, олардың жетістіктерге жетуіне үлес қосқан оқытушыларға, кураторларға және ата-аналарға алғыс білдірілді.
Колледждің қоғамдық, шығармашылық, спорттық және еріктілік қызметіне белсенді қатысқан студенттерге ерекше құрмет көрсетілді. Колледж өміріне белсене араласқаны үшін оларға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ колледждің бастамалары мен іс-шараларын қолдауға елеулі үлес қосқан ата-аналар да алғыс хаттармен марапатталды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT-колледжі түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтап, кәсіби өсуді, өз күшіне сенімді болуды, жаңа жетістіктерге жетуді және армандарын жүзеге асыруды тілейді. Колледжде алған білім мен тәжірибе алдағы табыстар мен жарқын жеңістердің берік негізіне айналсын!