Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ №1 және №3 жатақханаларында жер сілкінісі кезінде әрекет ету бойынша сейсмикалық жаттығулар өткізді.

Студенттер сейсмикалық дайындық негізінде эвакуациялау жолдарын зерделеп алуы керек. Сонымен бірге жер сілкінісі кезінде сақтанудың алғышарттарының бірі ашық жерлерге шығу, электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасу болып табылады.

Айта кету керек, мұндай іс-шараларды өткізу жатақханадағы қауіпсіздік деңгейін және төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға ықпал етеді.