Басқарма Төрағасы - ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының төрағалығымен басқарма отырысы өтті. Күн тәртібінде шақырылған профессорлардың 2023 жылғы жұмысы туралы есептер, шетелдік профессорлармен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, денсаулық және спорт орталығын жақсарту жөніндегі жұмыс және ұсыныстар туралы баяндама, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ҰДП мақалалары мен шолуларын жоғары рейтингті Q1, Q2 Journal Citation Reports JCR басылымдарда ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалды.

Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Әсия Хасенқызы шақырылған профессорлардың өткен жылғы жұмысы туралы баяндап, отырысқа 2024 күнтізбелік жылға арналған жоспарды ұсынды. Отырысқа қатысушылар: проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттілік және технологиялар трансфері орталықтарының басшылары шақырылған шетелдік профессорлардың санын көбейту жөніндегі ұсынысты қолдады.

Денсаулық және спорт орталығының басшысы Бекбосынов Сымбат Түсіпханұлы өз бөлімшесінің жұмысы туралы айтып, отырысқа орталықтың жұмыс бағдарламасын, сондай-ақ "Простор" базасын, фитнеске арналған университетішілік үй-жайларды және қысқы спорт түрлерімен айналысуға арналған алаңдарды қоса алғанда, университеттің спорттық базасын жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Басқарма отырысының соңында мектеп декандары мен құзыреттілік және технологиялар трансфері орталықтарының басшылары Q1, Q2 Journal Citation Reports JCR жоғары рейтингті басылымдарында ҒӨБ мақалалары мен шолуларын ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы айтып берді.