Бүгін "ШҚТУ Ғылым апталығы" аясында Пәкістандық HYUNDAI Nishat Motors компаниясының қатысуымен "көліктік машина жасаудағы инновациялық технологиялар-білім беру бағдарламаларын трансформациялау және дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары, сондай-ақ сарапшылар мен сала мамандары қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар көлік машина жасауда инновациялық технологияларды енгізу және білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытудың маңызды мәселелерін талқылады.
Студенттер мен магистранттар талқылауға белсенді қатысып, өз идеяларымен бөлісті және жетекші сарапшылардан құнды білім алды. Hyundai Nishat Motors-пен ынтымақтастық берік халықаралық байланыстар орнатуға және машина жасау саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту үшін жаңа перспективалар ұсынуға мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстел ШҚТУ студенттері мен магистранттары үшін жаңа көкжиектерді аша отырып, саланың өзін де, білім беру үдерістерін де дамытудағы маңызды кезең болды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, қызығушылығы және сындарлы талқылаулары үшін алғыс айтамыз! Алынған білім мен тәжірибе алға жылжуға және көлік технологияларын дамытуға көмектесетініне сенімдіміз.