Университетімізде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1-курсқа қабылданған студенттерімен Әлеуметтік, жастар саясаты және инклюзивті даму департаментінің директоры және Серпін бағдарламасын қадағалайтын менеджер мен танысу және бейімделу кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге университеттің құрылымы, мектептердің жұмысы, сондай-ақ оқу үдерісінде қолданылатын интернет ресурстар мен платформалар туралы толық ақпарат берілді. Одан бөлек ӘЖСжИД департаменті мен Жастар ісі жөніндегі комитеті студенттердің өзін-өзі басқару клубтарына, белсенді студенттер ортасына шақырылды.
Сонымен қатар, студенттер өз пікірлерін білдіріп, оқу барысындағы алғашқы әсерлерімен бөлісті. Кездесу аясында студенттердің ұсыныстарын тыңдап, қандай мәселелер туындап жатқаны талқыланды.
Іс-шара соңында студенттер оқу үдерісі туралы қысқаша анкета толтырып өз ойларын жеткізді.
Мұндай кездесулер «Серпін-2050» бағдарламасы қатысушыларының университет өміріне тез бейімделуіне және студент пен оқытушы, қызметкерлер арасындағы ашық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

