Наурыз мейрамы аясында Өскемен қаласында қазақ тілінің байлығы мен мәдени мұрасына арналған «Өнер алды - қызыл тіл» атты интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар қазақтың мақал-мәтелдері, көркем әдеби шығармалары, фразеологизмдері мен сирек кездесетін сөздері бойынша білімдерін сынады.

Квизге Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ардагерлер кеңесі де белсенді қатысты. Любовь Спиридовна Сергиенконың жетекшілігімен кеңес мүшелері «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысында жүлделі 3-орынға ие болды. Университет ардагерлері тек өз оқу орны аясында ғана емес, халқымыздың мәдениетін дамытуға да өз үлестерін қосуда.