Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шаралар сериясы – «Ғылым және білім: Қазақстан мен Германияның серіктестігі».
Аптаның басты оқиғасы – Қазақстан-Неміс ғылым және технология институты (ҚНҒТИ) жобасының тұсаукесері. Бұл ШҚТУ және Қазақстан-Неміс университетінің (ҚНУ) бірлескен бастамасы және ол ШҚТУ базасында жұмыс істейтін болады. Болашақта бұл институт ғылым мен технология саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығына айналып, елдер арасындағы тәжірибе және білім алмасуға ықпал ететін болады.
– Қазіргі уақытта Қазақстан өндірісі үшін студенттерді бірлесіп оқыту туралы ойлану қажет, ал ҚНУ дәл осы бағытта Қазақстандық жоғары оқу орындарын Германияның университеттері және ғылыми ұйымдарымен біріктіруде. «Енді ШҚТУ Германия мен Қазақстанның жетекші университеттерінің бірлескен жұмысына арналған алаңға айналады», – деп есептейді Қазақстан-Неміс университетінің Президенті, профессор Волрад Роммель.
Сонымен қатар, ШҚТУ Бранденбург техникалық университеті Котбус-Зенфтенбергпен (Brandenburgische Technische Universität Cottbus-Senftenberg) бірлесіп әзірлеген магистранттарға арналған жаңа «Металлургия» екі дипломды бағдарламасы ұсынылады. Ол студенттерге бірден екі жетекші техникалық университетте білім алу мүмкіндігін береді.
– Біз Германиядағы әріптестерімізбен ғылым және білім саласында ұзақ уақыт бойы бірлесе жұмыс істеп келеміз. Қазақстан-Неміс ғылым және технология институты – бұл біздің серіктестеріміз, Германияның техникалық университеттерімен бірлескен жоба. «Ғылым апталығында біздің елдердің ғалымдары тау-кен ісі, металлургия, инновациялық технологиялар және тұрақты даму саласындағы жобаларды және әзірлемелерді талқылау үшін жиналады», – деп атап өтті ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина.
Қазақстан-Неміс ғылым және білім апталығының ашылуына жоғары білім беру саласының өкілдері қатысты: Қазақстан-Неміс университетінің Президенті Волрад Роммель; Рур университеті Бохумның проректоры Корнелия Фрайтаг; Бранденбург техникалық университеті Котбус-Зенфтенберг Президенті Жестин Гранде; Рур университеті Бохумның Шығыс Еуропа және Орталық Азия қоғаммен байланыс бюросының басқарушы директоры Елена Реш; Рур университеті Бохумның Research School басшысы Йорна Бенцингер; Бранденбург техникалық университеті Котбус-Зенфтенбергтің ғылыми қызметкерлері Евгения Ермилова және Дашкина Турабова; ҚНУ Табиғи ресурстар және тұрақты даму орталығының басшысы Хенрик Альфа; ҚНУ президентінің кеңесшісі Арыстанбек Курмангалиев; С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар; ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Балласт; ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серик Абилов; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Курбанбекова Шерзода, сондай-ақ ШҚТУ серіктестері және өңірдің кәсіпорын өкілдері: «Казцинк» ЖШС басқару мәселелері бойынша атқарушы директоры Лазарев Андрей; «ГРК МЛД» ЖШС бас директоры Маутжанов Біржан; «ВНИИЦВЕТМЕТ» РГП «НЦ КПМС РК» директорының орынбасары Ананин Александр; «ВОСТОКЦВЕТМЕТ» ЖШС персонал жөніндегі директоры Якупов Вячеслав; «Казгипроцветмет» ЖШС жалпы мәселелер жөніндегі директоры Гречухин Александр; «ALPHA-SAFETY» ЖШС бас директоры Скалабан Александр, және қоғамдық бірлестіктер мен білім беру ұйымдарының өкілдері: КММ «№10 мектеп-гимназия» директоры Нурканова Сауле; Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының директоры Ерниязова Жупат; КММ «№12 жалпы білім беретін мектеп» директоры Мукашева Жазира; «Видергебурт» ШҚ НКЦ қоғамдық бірлестігінің директоры Шумахер Евгений.