Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарма мүшелерінің қатысуымен кезеті басқарма отырыс. Жиын  барысында білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру, университет бренді имиджін көтеру, ғылыми мақалалардың дәйексөзделу көрсеткіші және талапкерлерді қабылдау мәселелері қарастырылды.

Басқарма отырысына университет проректорлары, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттілік орталықтарының басшылары қатысты.

Алғашқы мәселе ретінде университеттің білім беру бағдарламаларына қатысты ұсыныстар талқыланды. Соңғы үш жылдағы қабылдау динамикасы мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне сүйене отырып, кейбір білім беру бағдарламаларын ҚР тізілімінен алып тастау туралы ұсыныс жасалды. Баяндамашы – академиялық мәселелер жөніндегі проректор А. Машекенова.

Келесі көтерілген мәселе – университеттің медиакеңістіктегі танымалдылығын арттыру стратегиясына арналды. Медиаорталық жетекшісі Г. Жанабаева университеттің ақпараттық саясаты мен медиа стратегиясын жетілдіру бойынша тың идеяларымен бөлісті.

Сондай-ақ, ғылыми мақалалардың Scopus базасындағы дәйексөзделу көрсеткіші сөз болды. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Ж. Қонурбаева университет ғалымдарының жарияланым белсенділігі мен сапасын көтеру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек, талапкерлер мен шетелдік студенттерді қабылдау барысы бойынша апталық есеп ұсынылды. Бұл бағытта қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә. Дәулбаева, факультет декандары мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А. Сәрсембаева өзекті мәліметтермен бөлісті.

Жиында қатысу тәртібіне қатысты нақты ескерту де жасалды. Кеңсе тарапынан хабарланғандай, қызметтік іссапар, еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық секілді негізделген себептерден тыс отырысқа қатысу міндетті болып табылады. Қатысушының орнына басқа қызметкерді жіберуге рұқсат берілмейді. Бұл талап тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мақсатында енгізілген.

Отырыстың қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.