Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында ұлт руханиятын ұлықтайтын мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оқу ордасында түрлі көрмелер, концерттік бағдарламалар мен ұлттық фестивальдер өтті.

Бүгінгі Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қазақ халқының бай мұрасын дәріптеуге, оның ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне үлес қосуға арналды. Бұл күн аясында студенттер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын сайыстар ұйымдастырылып, көркемөнерпаздар театрлық қойылымдар қойды. Сондай-ақ, жас өнерпаздар ұлттық өнерді ұлықтайтын түрлі шығармашылық байқауларда өз таланттарын ортаға салды.

Наурызнама аясындағы бұл шаралар мәдениетіміздің баға жетпес құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға ықпал етті. Ұлыстың ұлы күнінде ұйымдастырылған думанды мереке халқымыздың рухани бірлігін нығайтып, ізгі дәстүрлердің жаңа буынға аманат етілуіне жол ашты.