Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдық мерейтойына орай «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2023)» конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Польша, Венгрия елдерінің жетекші жоғары оқу орындары қатысып, есептеу математикасы, сандық талдау, математикалық және компьютерлік модельдеу, интеллектуалды технологияның жаңа тенденциялары, жасанды интеллект және машиналық оқыту тақырыбында баяндама оқыды.
Атап айтқанда Люблин техникалық университетінің профессоры Waldemar Wójcik, dr hab. inž., Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Мәдиев Жасұлан Хасенұлы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры Алонцева Д.Л., С. Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, PhD, Д.Р. Байгереев ақпараттық және есептеуіш технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді талқылады.
Ғалымдар, кәсіпкерлер мен сарапшылар тәжірибе алмасу, ғылымның, техниканың, білім берудің және өндірістің әртүрлі салаларында есептеу және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады. Іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің жаңа нәтижелерін ұсыну, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.
Сондай ақ конференцияға "ҮМЗ" АҚ, "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС, Freedom Telecom, Oskemen IT-Hub, Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Облыстық мамандандырылған it-мектеп-лицейі, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, "Люблин политехникасы" техникалық университеті (Люблин, Польша), Обуда университеті (Венгрия, Будапешт), Приштина университеті (Косовска-Митровица, Сербия), "Экономика жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университеті, "Информатика "Федералдық зерттеу орталығы" федералды мемлекеттік мекемесі және "Ресей Ғылым академиясының" басқармасы, Ақпараттық және есептеу технологияларының федералды зерттеу орталығы-Ресей Ғылым академиясының Сібір филиалының институты (Ресей) қатысты.