Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Қазақстан-Германия ғылым және білім апталығының ауқымды бағдарламасына енген неміс мәдениеті күні атап өтілді. Іс-шара университет қызметкерлері мен студенттерін, сондай-ақ халықаралық қонақтарын мәдени және ғылыми ынтымақтастыққа ұмтылу бағытында бастарын бір арнаға біріктірді.

«Maiglöckchen» ансамблінің музыкалық қойылымы күннің ең айтулы сәттерінің бірі болды. Мерекелік шарада неміс ұлтының дәстүрлі әндері орындалды. Қатысушылар немісше әуендер мен сол тілдегі әуезді әндерін тыңдау арқылы неміс мәдениетіне еніп кетті. 

Іс-шараның маңызды бөлігі «Wiedergeburt» неміс мәдени орталығының тұсаукесері болды. Орталық өкілдері өз қызметі туралы айтып, Қазақстандағы неміс мәдениетінің даму тарихымен бөлісті және жиналғандар үшін интерактивті викторина өткізді.

Білім беру және ғылыми бағдарламалардың презентацияларына да ерекше көңіл бөлінді. Гете институтының өкілдері Erasmus+, Horizon бағдарламаларының студенттер мен оқытушыларға арналған мүмкіндіктер туралы айта кетті. Бранденбург технологиялық университетінің (Котбус-Зенфтенберг) тұсаукесері қатысушыларға академиялық алмасу және бірлескен ғылыми жобалардың болашағы туралы білуге мүмкіндік берді.

Неміс мәдениеті күні ШҚТУ үшін Қазақстан мен Германия арасындағы халықаралық байланыстарды, мәдени алмасуды және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін маңызды оқиғаға айналды.